2022 жылы алаяқтық бабымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Экс төреаға орынбасары Мұрат Қожабаевты және оның сыбайластарын ҚР ҰҚК қызметкерлері құрықтаған болатын.
14 сәуір 2025 жылы М. Қожабаевтың сыбайласының бірі саналатын Гуламов Закир Ахматовичтің жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінде қайтыс болғандығы жөнінде ақпарат тарады.
Дерек көздерге сенетін болсақ З.Гуламов жүрек талмасынан қайтыс болған. Айта кететін жайт З.Гуламовтың бостандыққа шығуға аз уақыт қалғанын ескере келе оған бәсекелестері қасақана ұйымдастырған деген күдік туындап отыр.
З.Гуламов сотталғанға дейін бостандықта түрлі кәсіппен айналысқан. Өз кезегінде З.Гуламовтың басты табыс көзінің бірі Жібек жолы шекара маңында контрабандалық тауарларды шетелге өткізуге қолайлы жағдай жасап отырғаны белгілі болды. Деректерге сүйенсек, З.Гуламовтың бәсекелестері темір тордан босап шыққанын қаламаған.